Менің тарихым

Дәулет Мұқаев

Дәулет Мұқаев

10

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

25595

Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы 1992 жылы 4 мамырда ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген.

2009 жылы Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы №16 қазақ орта мектебін «Алтын белгіге» аяқтап, дәл сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Экономика және бизнес жоғары мектебінде» «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына оқуға түседі.

2013 жылы бакалавр біліктілігін алып, «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша 2015 жылы магистратураны аяқтайды. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін ала сала өзі оқыған «менеджемент және маркетинг» кафедрасында екі жыл оқытушы қызметін атқарады. 2010 жылдан бастап «Хабар» АҚ «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында сарапшы, редактор болған.

Содан бері телевизия саласындағы түрлі бағдарламалар мен аутсорсинг компанияларда шеф-редактор, продюсер, тележүргізуші қызметтерін атқарып келеді.

Дәл қазіргі уақытта «Хабар» арнасындағы «Таңғы хабар» бағдарламасында «Баспанаға бағыт» айдарының авторы әрі шолушы-журналисі. Қазіргі таңда Дәулет Төлеутайұлы баспанаға бағыт беруші жетекші сарапшы маманға айналды. Оның кеңесімен бүгінде республикамыздың 200-ге жуық тұрғыны баспаналы болды.

Жыл басынан бері еліміздің әр аймағында 3000-ға тарта адамға шеберлік сабақтарын өткізді. Өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Баспаналы бол» атауымен жазбалар мен қаржылық кеңестер бере бастағанда 25 мың оқырманы ғана болса, қазіргі уақытта 260 мыңнан асып отыр.

Бірнеше республикалық арналар мен радио, газет-журнал, сайттарға баспанаға қатысты бірнеше мақала-сұхбаттары жарыққа (эфирге) шықты.

Биыл «Zhas Project» жас кәсіпкерлер мен бизнес жобаларға арналған байқауда жеңімпаз атанып, «Баспаналы бол» шеберлік сабағына 350-ге тарта Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары тегін қатысты.

Қазақстандағы қаржылық сауаттылық пен қатар өзгенің емес өз ақшасын санап табысын молайтуға арналған тұңғыш «ДӘУЛЕТТІ КҮНДЕЛІКтің» авторы.

Журналист-блогер, экономист Дәулет Төлеутайұлының алдағы мақсаттары мен жоспары – еліміздің дамуы мен Қазақстандықтардың экономикалық әлеуетінің өсуіне үлес қосып, қаржылық сауаттылығын арттыру, баспанасыз жүрген жандарды баспанаға бағыттау.