Менің тарихым

Дидар Оралбекұлы

Дидар Оралбекұлы

09

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

4256

БАҚ саласында атқарған еңбегі зор. Ең алғаш ШҚО Риддер қаласында 2009 жылы «Жерұйық» қазақ газетін ашып, редакторлық қызметін атқарды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында БАҚ беттерінде көптеген материалдары жарияланды. Журналистикамен бірге қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастыруда жетістіктерге ие болып жүр. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде дебат сайыстарына дайындады. Бүгінде шәкірттері әр салада қызмет етуде. 2013-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ «Шығыс үні» газетінің тілшісі, аймақтық партия сайтын жүргізді. 2015-2016 жылдары ШҚО Өскемен қаласында облыстық «Менің өлкем» газетінде тілші қызметін атқарды. Халықтың әлеуметтік мәселелері жайында мақалалар жариялап, ел игілігі жолында елеулі жұмыстар атқарды. 2016, 2018 жылдар аралығында Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласы «Халықаралық баспасөз орталығы» «Қазанат» журналы редакторының орынбасары қызметін атқарды. Ұлттық құндылықтарды насихаттау барысында мақалалар жариялап, марапаттауларға ие болды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімі баспасөз хатшысы болып қызмет атқарады. Аудандағы БАҚ-пен, ресми, бейресми құжаттарды рәсімдеуді, келіссөздер жүргізуде, БАҚ-ты ақпараттандыруда, ұлттық құндылықтарды насихаттау, қоғамдық-мәдени іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Әлеуметтік желіде ауданның жағымды жаңалықтарымен, атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы материалдармен бөліседі. Целиноград ауданына арналған «Бақ қонып, құт дарыған Целиноград ауданым» жинағының авторы. Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық «Абай оқулары», «Фариза оқулары», «Мұқағали оқулары» байқауларының жеңімпаздары. Пікірсайыс жеңімпаздары. Өз қызметіне жауапты, қоғамдық іс-шараларды атқаруда белсенді маман.