Менің тарихым

Дидар Қайырбекұлы

Дидар Қайырбекұлы

10

Қазан

Қоғам
участник 2019

Риддер қаласында жұмыссыз жастарды «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыстарға орналастырып, облыс бойынша «Үздік штаб» атағына себепші және қаламызда алғаш рет «Жайдарман» КВН негізін қалаған жандардың бірі. Осы елеулі істерінің арқасында Қазақстан Республикасының КВН Одағы Президенті Есентүгел Елеукеннің, Республикалық «Жас Отан» штабының, Риддер қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Сондай-ақ, оның еңбек жолында ішкі саясатпен, қаланың этно-мәдени бірлестіктерімен бірлесе атқарған жұмысын ерекше атап өтуге болады.Қала жастарын мемлекеттік тілге, Елбасының саяси бағдарламаларын іске асыруда іс-шаралар ұйымдастырып, оларды жүзеге асыруда еңбегін сіңіруде. Дидар Қаирбекұлы тек қалалық емес, сондай-ақ, облыс көлеміндегі мәдени шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болғаны үшін қала, облыс әкімдерінің тарапынан бірнеше рет «Құрмет грамоталарымен» марапатталып, Алғыс хаттарға ие болды. Қазіргі таңда, Риддер қаласының Мәдениет сарайы директоры қызметін атқаруда. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайды. Ұйымдастырушылық қабілеті өте жақсы. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты маман. Дидар Қаирбекұлы – әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.