Менің тарихым

Дархан Ережеп

Дархан Ережеп

09

Қазан

Ғылым
участник 2019

Ережеп Дархан, ИТМО университетінің Төменгі температуралы Энергетика факультетінің докторанты (аспиранты) – РФ Президенті стипендиясының екі мәрте иегері және басым бағыттар бойынша РФ үкіметі стипендиясының иегері. ИТМО университетінің үздік түлегі. Криотехногиялар, төмен температуралар физикасы, модельдеу және термоэлектрлік саласында іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады. 2015 жылдан бастап 6 ғылыми жоба бойынша, оның ішінде шетелдік ғылыми ұжымдармен ынтымақтастықта жұмыс істеді. Ғылыми қызметінің 4 жылы ішінде Journal of Physics: Conference Series, Materials Today: Proceedings, AIP Conference Proceedings, Advances in Energy Research, Technical Physics, Technical Physics Letters, Semiconductors, IEEE journal conference proceedings, Халықаралық суықтық академиясының хабаршысы, Техникалық физика журналына хат, Техникалық физика журналы, Физика және жартылай өткізгіштердің техникасы секілді шетелдік журналдарда 40-тан астам мақаласы жарық көрді. Advances in Energy Research. Volume 26, изд. Nova Science Publishers (Hauppauge, New York)- (https://novapublishers.com/shop/advances-in-energy-research-volume-26/ )монографиясының тең авторы болып табылады. "Энергияны тікелей түрлендіру және термоэлектрлік құрылымдардың наноинженериясы" Халықаралық зертханасында жұмыс істей жүріп, көптеген жарияланымдардан басқа, термоэлетрлік материалдарды жентектеудің модификацияланған әдісі – (Ноу-Хау) "Градиентті температуралық өрісте ұшқын плазмалық жентектеу әдісімен наноқұрылымды термоэлектрлік материалдарды жасау технологиясын» жасап, тіркеуден өткізді.

2017 жылы Санкт-Петерборда тұратын қазақтар өміріне арналған "Біздің шетелдіктер" телебағдарламасының кейіпкерлерінің бірі болды. (Сілтеме -http://mirtv.ru/video/57755/). 2017 жылы "Термоэлектрлік" магистрлік бағдарламасы аясында "Материалтану және металлургия"ұжымдық пайдалану ғылыми-зерттеу орталығында тағылымдамадан өтті. 2018 жылы "ИТМО университетінің Жас ғалымдары" байқауының жеңімпазы атанды. Байқау қорытындысы бойынша ИТМО университетінің (РФ, Санкт-Петербор, Кронверк даңғылы, 49 үй) корпусының басты баспалдағы қабырғасына "Жас ғалымдар" атты жаңа стендтер ілінді.(http://research.itmo.ru/ru/stat/387/ ) 2019 жылы Менеджмент және қаржы саласында өз дағдыларын кеңейту үшін Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетін Менеджмент/Қаржы менеджменті мамандығы бойынша қосымша бітіріп шықты. 2019 жылы ИТМО университеті атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Криофизика және Криотехнологиялар зертханасына ақылы ғылыми-тәжірибелік тағылымдамасына жолдама үшін аспиранттар арасында өткен конкурсты ұтып алды. IEEE (USA) және IAR - (Russia) сияқты халықаралық қауымдастықтардың мүшесі. Болашақта, PhD ғылыми дәрежені қорғағаннан кейін Қазақстанға қайта оралуды және криотехнология, төмен температуралар физикасы, материалтану, модельдеу, термоэлектрлік бағыттарды дамытуды жоспарлап отыр.