Менің тарихым

Берикжан Уалиев

Берикжан Уалиев

31

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

244

«Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК, анестезиолог-реаниматолог дәрігер

Шығыс Қазақстан облысы

Хирургия бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері, 1986 жылдың 29 қарашасында  Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медицина академиясының  емдеу ісі мамандығы бойынша оқуға түсіп 2011 жылы аяқтап шықты. 2011 жылдың 01 тамызынан бастап «Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да қызмет жолын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Үржар ауданы, Мақаншы ауылының тұрғыны. Жұмыс уақытында өзін тек жақсы жағынан  және білімді, білгір маман ретінде көрсете білді.

Өз мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыларын орта және кіші буын медицина қызметкерлеріне үйретуде. Аурухана қызметкерлерімен, сырқаттармен әрдайым жақсы қарым-қатынаста. Ұжымда және сырқаттардың арасында сыйлы.