Менің тарихым

Бауржан Ниязбеков

Бауржан Ниязбеков

23

Қазан

Ғылым
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

4503

Түркістан облысы

Ниязбеков Бауржан Айтжанұлы, 1990 жылы туылған, «Өнер» факультетінің 5В012000-«Кәсіптік оқыту» бакалавры мамандығы бойынша 2014 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін үздік дипломмен бітірген. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін №27 IT-мектеп-лицейінде технология және көркем еңбек пәні бойынша оқушыларға сабақ беріп келеді. Жалпы еңбек өтілі 5 жыл, педагогикалық еңбек өтілі 5 жыл. Ниязбеков Бауржан жоғарғы деңгейдегі маман, білікті педагог. «Ағаш өңдеу технологиясы» оқу-әдістемелік құралын жазып шығарды. 2018 жылы халықаралық «Мақсат» журналына «Технология пәнінде ақпараттық технология элементтерін қолдану әдістері» тақырыбында жазылған мақаласы жарық көрді. Б. Ниязбеков мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде белсене атсалысуда. Соның нәтижесінде 2018 жылдың наурыз айында өтілген «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» қалалық байқауында оқушысы Н. Дүйсек І орынды жеңіп алды. Сәуір айында өткен облыстық байқауда жүлделі оралып, қазан айында өткен республикалық «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» ғылыми-практикалық конференциясында І орынды жеңіп алды. Аталған конференцияда Н. Дүйсек халықаралық конференцияға жолдама алды. 2018 жылы 1-3 қарашада Ресей қаласында өткен халықаралық конференцияға Б.Ниязбековтың шәкірті қашықтықтан қатысты. Конференцияда жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, мектебіміздің мерейін үстем етті. Бұл жеңіс туралы бұқаралық ақпарат құралдары көптеп жазды. 2018 жылы 20 қазанда Астана қаласында өткен ІІІ Ұлттық премия салтанатты марапаттау рәсімінде Б. Ниязбеков «Көшбасшы педагог-2018» атағына ие болды. 15 қарашада Б. Ниязбеков халықаралық Ян Амос Коменскийдің медаліне ие болды. Республикалық «Ашық сабақ – 2018» байқауының жеңімпазы. Түркістан қаласы әкімінің алғыс хаты және құрмет грамотасының иегері. Түркістан қаласы «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен өткен 2018 жылдың «Жыл үздігі - 2018» байқауының «Жылдың үздік жас мұғалімі» номинациясы бойынша жеңімпазы. Жалпы кәсіптік қызметіндегі алға қойған мақсаты мен ұстанымы: «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында нәтижеге бағытталған оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану жолдарын арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу» Жетістіктері: - 2014-2015 оқу жылында мектепшілік “Жалындаған жас маман” байқауының жеңімпазы; - «Өрлеу» біліктілік арттыру институтының мақтау қағазы, 2015 ж - ОҚО,Түркістан қаласының білім бөлімінің «Инновациялық-педагогикалық әдістемелік идеялар фестиваль-2017», сертификат; - ҚР, ОҚО Түркістан қаласының білім бөлімі «Қазақстанның жаңғыруының 3.0.- білімнің үлесі» тамыз педагогикалық оқуы, ІІ орын, 2017 ж; - «Ұстаз тілегі» порталының құрмет грамотасы, 2018 ж - NIO.KZ сайтының алғыс хаты - Республкалық интернет ust.kz, infourok.ru, РИМЦ “Просвещение» порталдарында сабақтары жарияланған, 2018 ж - Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің алғыс хаты, 2018 ж; - Түркістан қаласы әкімінің алғыс хаты, 2018 ж; - Республикалық “Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам” ғылыми-практикалық конференциясына үздік шәкірт дайындағаны үшін мадақтама, 2018 ж; - Санкт-Петербург қаласында өткен мұғалімдердің халықаралық конференциясының қатысушысы, сертификат, 2018 ж; - Астана қаласында өткен “Лидер в образовании” ІІІ Ұлттық премиясында “Көшбасшы педагог -2018” атағына ие болды. - Халықаралық Ян Амос Коменский медалінің иегері - «Ашық сабақ – 2018» республикалық байқауының жеңімпазы - «Жылдың үздік жас мұғалімі» номинациясының жеңімпазы, 2018 ж - Түркістан қаласы әкімінің құрмет грамотасы, 2018 ж Оқушыларының жетістіктері: • Абибулла Ғалымжан, мектепшілік ғылыми жоба,бас жүлде • Қалдыбай Нұрсәт, қалалық жас суретшілер байқауы, ІІ орын • Қалдыбай Нұрсәт, “Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы” ұйымдастырған табиғатты қорғау акциясы, Алғыс хат • Жылқыбай Аружан, қалалық “Жас аспазшы” байқауы, І орын • Дүйсек Нұрболат, “Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” қалалық инновациялық идеялар байқауы, І орын • Дүйсек Нұрболат, қалалық “Шебер қолдар” байқауы, ІІ орын • Дүйсек Нұрболат, “Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” облыстық инновациялық идеялар байқауы, ІІІ орын • Республикалық “Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам” ғылыми-практикалық конференциясы, Дүйсек Нұрболат, І орын • Халықаралық “Россия-Казахстан: перспективы взаимодействия молодых исследователей” ғылыми-практикалық конференциясы, Санкт-Петербург, Дүйсек Нұрболат, ІІ орын • «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйымдастыраған инновациялық технологиялық жобада ІІ орын, Дүйсек Нұрболат