Менің тарихым

Бағжан Тұрсынханова

Бағжан Тұрсынханова

25

Қазан

Ғылым
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

10254

"Владимир Комаров атындағы орта мектеп "КММ"

Шығыс Қазақстан облысы

Тұрсынханова Бағжан Тұрсынбекқызы - Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданының «Владимир Комаров атындағы орта мектебінің» бастауыш сыныптың мұғалімі және мектеп директорының орынбасары болып еңбек етіп келеді. Жас болса да білімді ұстаз педагогикалық ізденісі мол, I санатты, магистратура иегері, шығармашыл тұлға. Оқушылары да , өзі де үлкен жарыстарда жүлделі орындардың иегері. Атап өтер болсам «Балаларға берілген жүрек» Республикалық Педагогикалық олимпиаданың «Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері» санаты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы. Бастауыш сынып мұғалімдер арасында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Білім дәрежесін көтеріп , болашақ ұрпақтың интелектуалдық дамуына үлес қосып, сапалы білім берумен қатар Республикалық Ұлттық Олимпиада тарапынан ұйымдастырылған оқушылар арасындағы пәндік олимпиадаға шәкірттер қатыстырып , жоғарғы нәтиже көрсеткені және олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ұйымдастырылған «Үздік ашық сабақ марафоны» атты облыстық байқауға қатысып жүлделі ІІ орынға иеленген. Ауданымызда өткен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында ІІ орынға иеленген. Оқушылары да облыстық, республикалық , халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

Ауданымыз бойынша беделді. Жастар маслихатының депудаты адамгершілігі мол, мінезі ашық, жастарды үнемі қолдайды қоғамдық жұмыстарға белшеше кірісе отырып өзі қатарластардың алды жаңашыл, қара қылды қақ жарған әділдігі бар. Аудандық спикер Қазақстандағы айтулы іс – шаралардың басы – қасында жүреді қоғаммен біте – қайнасып келе жатқан көшбасшы тұлға. Өзің жан-жақты көрсете алады. «Отты жылдар» облыстық әндер байқауында ІІ орынға иеленген.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған Жастар Форумына белсене қатысып, «Үздік бейнеролик» атағына ие болды. Аудан әкімі «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері ретінде алғыс хатпен марапаттады. Тәрбие жұмысын басқаруда қызметтік міндеттерін адал орындайды, мектебіміздің алға басуына нәтижелі жұмыстарымен көзге көрініп келеді. Іскер ұстаз, өз маманының жілік майын тамызатын шебер,орыс ауылда күн болып шырағын шашып жүрген, Алаш азаматтарының ізін жалғастырушу халықтың адамы.