Менің тарихым

Аслан Алитурлиев

Аслан Алитурлиев

20

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1610

Нұр-Сұлтан қ.

ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалар орталығының сараптамалық қызметті жоспарлау, бақылау және үйлестіру басқармасы

Аслан Сандыбайұлы 1994 жылы 25 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жастайынан зерек, алғыр оқушы мектеп қабырғасында жүріп, ғылымға, спортқа бала жасынан әуес болды. Абай атамыздың ...Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап-деген ғибратты сөзін көкірегіне ұялатқан ол, тыңбай ізденіп, еңбектенді.Соның нәтижесінде спортта да, білім додаларында да елеулі нәтижелерге жетті. Ғылым сырларын ашуға жаны құмар жас дарын Греция елінде өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жобаларының биология пәні бойынша жүлдегері атанып, ел мәртебесін асқақтатты.

2011 -2015 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқып, Биология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры академиялық дәрежесі берілді. Әлем елдерінің арасында экономикалық бәсекелестікпен қатар білім бәсекелестігінің жүріп жатқанын түсінген жас дарын өз білімін онан әрі 2015-2017 жылдары Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде жалғастырып, техникалық ғылымдарының «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып шығып, қазіргі таңда Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша аспиранты.

Білім мен спортты өзінің өмірлік серігіне айналдыра білген ол, 2008 жылы Белоруссия мемлекетінде өткен халықаралық еркін күрестің жасөспірімдер арасындағы чемпионы атанды. Байрақты бәсекелерде топ жара жүріп, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер және самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленді.

«Ер жігіт елі үшін туады» -деген ұстанымды өзінің басты қағидасына айналдыра білген жас маман, өзінің еңбек жолын 2016 жылы Атырау қаласындағы облыстық Сот-сараптама институтында экологиялық және биологиялық сараптамасының аға сарапшысы болып бастады.

2018 жылдан бастап осы уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалар орталығында «Сараптамалық қызметті жоспарлау, бақылау және үйлестіру» басқармасында бас сарапшы қызметін атқаруда. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына өз үлесін қосуды азаматтық борышы деп білетін Аслан, елі үшін еңбек етуді өзіне мәртебе санайды. Өзінің еңбек жолында атқарған адал қызметі үшін, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге байланысты, сондай-ақ міндеттерін тиісті деңгейде атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамотасымен марапатталды.