Менің тарихым

Қайрат Сейтқазин

Қайрат Сейтқазин

31

Қазан

Мәдениет
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

6

 "Рухани жаңғыру" Өңірлік жобалық кеңсесі

Ақмола облысы

ҚАЙРАТ НИЯЗБЕКҰЛЫ СЕЙТҚАЗИН 1993 жылы 2 тамызда Ақмола облысы Шортанды ауданы Күлшін ауылында дүниеге келеген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «аграрлық техника және технологиялар» мамандығын тәмамдаған. Сонымен қатар, «Көкше» телеарнасында «Рухани жаңғыру. Ұлт болашағы» бағдарламасының авторы және жүргізушісі. Мағжан Жұмабаев атындағы медальдың иегері.

- Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты;

- Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтың арнайы тапсырылған «Әдебиетке қосқан үлесі үшін» мақтау қағазы мен сыйақысының иегері;

- Республикалық «Менің досым» ақындар мүшәйрасының жеңімпазы, Астана қ

. - Баянауыл аудандық әкімдігі мен «Мәдениет порталы» ұйымдастырған ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торыайғыровтың 125 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған» атты республикалық онлайн-мүшәйрасының 3 орын иегері - «Өнер алды – қызыл тіл» атты республикалық мүшәйрасының 1 орын иегері, Астана қ.

- Аймақтық Мағжан Жұмабаев атындағы мүшәйрасының 3 орын иегері, Көкшетау қ.

- Ақын Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдыстырылған «Арманымның ақ құсы» атты облыстық мүшәйрасының 1 орын иегері, Көкшетау қ.

- «Астана» медицина университетінде «Сұлулықтың өзі дарын емес пе?» атты жеке шығармашылық кеші өтті. Нұр-Сұлтан қ.

- «Көкшеден жеткен сал самал» атты шығармашылық кештің қатысушысы. Алматы қ. Өлеңдері республикаға белгілі газет-журналдарда, интернет басылымдарында шығып, респуликалық антологияларға енген болатын.