Менің тарихым

Айдана Аяганова

Айдана Аяганова

29

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

2413

Түркістан қалалық емхана

Түркістан облысы

Түркістан облысы "Түркістан қалалық емхана" Аяганова Айдана Байдуллақызы 2006-2012 аралығында Халықаралық Қазақ - Түрік университетінде білім алып, осы білім ордасының "Емдеу ісі" факультетін бітіріп қолына жоғары білімді дәрігер деген дипломын алған. 2012 – 2013 жыл аралығында интернатура "Терапия" мамандығын иеленген.

Түркістан медицина колледжінде оқытушылық қызметін атқарған. Ал 2014 жылдан бері "Түркістан қалалық емханасына" аймақтық дәрігер, әрі №5 ересектер бөлімінің меңгеруішісі болып жұмыс атқарған. Жас болсада бас болып, медицина саласында артарған ерең еңбектері жоғары бағаланып, Түркістан қалалық емханасының №1 ересектер бөлім меңгерушісі және бас терапевт болып тағайындалды. 2017 жылдың қаңтар – маусым айларында Функционалды диагностика бойынша ( Эхокардиография, холтер, ВЭМ, спирография т.б ) "Суицидтік мінез-құлыққа қатысты жасөспірімдер тобының тәуекелге баруын анықтау психиатрия" атты біліктілігін арттыру бойынша, "МСАК деңгейінде қатерлі ісіктерді ерте диагностикалаудың алгоритмдері" циклі бойынша, "Жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыру мәселелері" бойынша "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қатысушыларына оқытудың үшінші кезеңін өткізу қорытындылары" бойынша біліктілігін арттырғандығы туралы куәлік, "Балаларға медициналық көмек көрсету қызметін ұйымдастыру", "МСАК желісіндегі туберкулезді диагностикалау және ерте анықтау", "Наркологиялық куәландыру мәселелері" циклі бойынша, "Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету", "ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негіздері" бойынша біліктілігін арттырып, қосымша "Функционалист- дәрігер" болып қызмет атқарады. « Нұрлы ғасыр » газетіне Қазақстанның - келешегі кемел ел. «Алғыс арқалаған Айдана » атты мақалаға шыққан.

2016 жылы желтоқсан айында Түркістан қалалық емханасының бас дәрігерінен, Түркістан медицина колледжінің директорынан «Алғыс хат» алған. 2017жылдың желтоқсан айында Облыстық Денсаулық Сақтау Басқарма басшысының "Құрмет грамотасымен" марапатталған. Шет ел мемлекеттерінде (Новосибирск, Оңтүстік Корея 2018ж. ) "Ультрадыбыстық зерттеу" бойынша біліктілік арттырған. 2019 жылдың Наурыз айында « Алтын дәрігер » құрмет медалімен марапатталған. 2019 жылы қаңтар - мамыр айларында «Қоғамдық денсаулық сақтау» біліктілігін арттырған. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Ресей Федерациясында, магистратура "Менеджмент" мамандығының I курсында қашықтықтан білімін жетілдіруде. Отбасында аяулы жар, үш перзенттін сүйікті анасы.