Менің тарихым

Айбек Жартыбаев

Айбек Жартыбаев

31

Қазан

Бизнес
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1390

 «IMG» (International Mentors group)

Қарағанды облысы

Айбек Жартыбаевтың бүгінде іске қосқан үш кәсіпкерлік жобасы бар: Gosauda, Go Travel agency және IMG компаниясы. Кәсіпкерлікті қолға алмай тұрып 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев электронды коммерция, интернет коммерция, цифрлы Қазақстан туралы идеяларымен бөлісіп, тілдескен еді. Сонда Н.Әбішұлы Қазақстанда интернет коммерцияны дамытудың маңызын алға тартқан. Ресейде интернет коммерция елдегі сауданың 4 % құраса, АҚШ- та 7 % құрайды. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш бар-жоғы – 0,5 %. Сол тұста Елбасы мұны көтеру үшін өзімізге дәл сондай сауда жасайтын отандық алаң керек деген еді.

Бұл Айбекке тың идея беріп, 2017 жылы идеяны іске асырып, 2019 жылы толығымен жасақтап бітіредi.Тек бір тараптың ғана емес, екі тараптың да сұранысын қанағаттандырып, кез келген уақытта өз өніміне жарнама жасап, сондай-ақ кез келген тұтынушы өзі қалаған затты сатып алып, өзінің шартын қойып, бағамдай алатындай «Gosauda» электронды сауда алаңы Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Тек сайты ғана емес, сонымен қатар арнайы мобильді қосымшасы да бар. Мәселен, тұтынушы көлік сатып алғысы келсе, оның салонын, ыңғайлығын, тіпті түсі мен алып кету уақытына дейін өзі айтады.Қашан да тұтынушыларға оң ықпал етіп, олармен ыңғайға сай жұмыс жасауды көздейтін кәсіпкер «Gosauda-дан» өзге «Go Travel agenсy» жобасын да жүзеге асыруда. «Go Travel» - саяхатшылар клубы. Кез келген адам саяхатқа шықпас бұрын белгілі бір туристік агентікке жүгінетіні анық. Сол сәтте туристік агенттік өз турларын сату арқылы үстінен қосымша комиссия төлемақысын қояды, сол арқылы өз кірістерін алады.

Ал «Go Travel-дің» аталған туристік агенттіктерден ерекшелігі комиссия төлемінсіз, турларды кез келген тұтынушы өз бағасына сатып алады. Турды алдағы уақытта өз бағасына алып, бірнеше мың сома қаражат үнемдеу үшін тұтынушылар «Go Travel-дің» клубтық картасын тек бір рет сатып алса жетіп жатыр. Аталған тур бірнеше жылға беріледі, кейіннен тек уақытын ғана ұзартып отыруға болады. «Go Travel» тұтынушылар үшін екі адамға арналған «Дуэт», алты адамға арналған отбасылық «Family» және одан көп адамға арналған «Team» турларын ұсынады.Айбек Жартыбаев кәсіпкерлік жолында осы уақытқа дейін бірқатар жандарға кәсіп жолында көмек қолын созып, олардың базалық қажеттіліктеріне қол жеткізуге қолғабыс еткен. Кәсіпкерлік бойынша бірнеше жанға тәлімгер болып, соңынан ерткен. Мәселен, 2018 жылы ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерліктен сабақ беріп, тәжірибе жинақтаған. Нәтижесінде, Қарағанды облысы кәсіпкерліктен алға шығып, Айбек Жартыбаев «Үздік бизнес тренер» атанады.

Бұған дейін 2017 жылы «IMG» (International Mentors group) компаниясының негізін қалайды. Компания халықаралық тәлімгерлер орталығы ретінде жұмыс жасайды, жоғарыда аталған «Gosauda» мен «Go Travel» IMG-дің негізінде құрылған. Тың бизнес идеяларды ойлап тауып, оларды жүзеге асыру жолында еш таңбаған кәсіпкер болашақта миллионерлер клубын ашуды жоспарлап отыр. Әрі жастарға дакәсіпкерлікте қолдау көрсетіп, өз кеңесін беруден де еш аянып қалмайды.