Менің тарихым

Айгүл Маратқызы

Айгүл Маратқызы

31

Қазан

Мәдениет
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

103

Қазалы аудандық мәдениет Орталығында әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

Қызылорда облысы

Алматы облысындағы Қаскелең мәдениет колледжін, Түркістан қаласындағы «Қазақ-Түрік» университетін тәмамдаған соң 2005 жылдан Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде көркемдік жетекші, орталықтың әдіскері болып тынбай еңбек етті. 2019 жылдан бері аудандық мәдениет орталығында әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

Астана қаласының 10 жылдығы мерейтойында мерекелік медалімен, Өнер жылы аясында өткен «Мамандығым – мақтанышым» байқауында арнайы номинациямен (2006), «Ауыл болашағы – жастардың қолында» атты облыстық ауыл жастары слетінде «Өнерлі өрен» номинациясымен (2009), «Өз мамандығымның иесімін» атты облыстық байқауда «Үздік әдіскер» номинациясымен (2012), «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту» курсының арнайы сертификатымен (2019) марапатталған. «Қанатты әйел» жәрмеңкесінде (2005), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығы мерекесінде (2006), Астана қаласының 15 жылдығы мерейтойында арнайы «Алғыс хаттар» табысталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойында Байқоңыр қаласының әкімі А.Ф.Мезенцефтің (2011), «Мәдениет пен Өнер» күніне орай Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының (2015), Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының басшысының (2018) «Алғыс хаттармен» марапатталған. Ақтөбе облысында өткен «Аймақты әнмен тербетіп» атты аймақтық әншілер байқауының Темірбек Жүргенов атындағы Бас жүлдесін (2007), «Қыз өссе елдің көркі» атты аудандық байқаудың Бас жүлдесін, Қызылорда қаласында өткен «Менің даусым Отанға» атты облыстық байқауда ІІ орын (2008).

Сырдария ауданында өткен облыстық патриоттық әншілер байқауында І орын (2009), Сырдария ауданында өткен жергілікті сазгерлердің әндерін орындау облыстық байқауында ІІ орын (2010), Қармақшы ауданында өткен жергілікті сазгерлердің әндерін орындау облыстық байқауында ІІІ жүлделі орынды иеленді.

Талантты өнерпаз Жаңақорған ауданында қойылған «Ғашықсыз ғасыр» атты спектаклінде Нәзікеш ролін шебер сомдағаны үшін Бас жүлде алған. Сондай-ақ, Ж.Тұрсынов атындағы халық театры дайындаған Ғ.Мүсіреповтің «Қыз-Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Р.Жанайдың «Жанқожа» спектаклдерінде басты ролдерді керемет сомдап шықты. Кейіпкеріміз бүгінде үлгілі отбасының – Бөріқұлақовтар әулетінің келіні. Жары Бөріқұлақов Ақтілеу Талайлыұлы – аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. Ал, кішкентай үш жастағы өнерпаз балапан Кәусары республикалық байқаулардың жүлдегері атанып жүр.