Менің тарихым

Вида Грейчуте

Вида Грейчуте

Қарағанды облысының Абай қ. № 14 мектеп лицейі директорының қосымша білім беру жөніндегі орынбасары және тарих мұғалімі

25

Қаңтар

Қоғам
2018

Грейчуте Вида д. Евгеняус – Қарағанды облысының Абай қ. № 14 мектеп лицейі директорының қосымша білім беру жөніндегі орынбасары және тарих мұғалімі болып жұмыс істейді.

Жоғары білімді. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген, мамандығы – тарих мұғалімі. Қарағанды облысының Абай қ. № 14 мектеп лицейі директорының қосымша білім беру жөніндегі орынбасары және тарих мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол ойлы, сауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог, жоғары әдістемелік және теориялық дайындығы бар. Өзінің оқытудағы басты мақсаты коммуникативтілік құзыретті қалыптастыру деп санайды, себебі ол елтану, тарих және мәдениеттану құзыреттерімен тығыз байланысқан. Белсенді азаматтыө ұстанымы бар, патриоттық тәрбие жүргізеді. 2016 жылдың мамырынан бастап №14 мектеп-лицейде «Мектеп ТВ» мектеп телевидение жобасы іске қосылып, Видо оның басты үйлестірушісі болып табылады.

Қауым құрылған сәттен бастап белсенді мүшесі. Өткізілетін барлық шараларға қуана және жауапкершілікпен қатысады. Жер аударылған литвалықтардың ұрпағы. Азаматтық ұстанымы мен жамағат өміріне белсенді қатысқаны үшін Литва Республикасының әлеуметтік қызметті бақылау департаментінің грамотасымен марапатталған. 2016 жылдан бері облыстық ҚХА мүшесі. Қалалық және облыстық форум мен семинарларға спикер ретінде қатысады. Оның баяндамалары үнемі қызығушылық тудырады. 2017 жылы XXV ҚХА мерейтойлық сессиясында ҚР Президенті алдын Қарағанды облысының спикері ретінде қоғамның рухани жаңғыруы туралы сөз сөйлеген. 2017 жылдан бері Қарағанды облысының ҚХА жастар үйлестіру кеңесінің құрамына кіреді. Жастар арасында аймақта тұратын этностардың дәстүрі мен мәдениетін нығайту мәселелерімен айналысады. Мақсаты Қазақстан жастарының назарын балалар үйі тәрбиеленушілерін бейімдеудің әлеуметтік мәселелеріне аударту болып табылатын «Біз біргеміз» әлеуметтік акциясын ұйымдастырушылардың бірі.