Менің тарихым

Маханбет Жәнібек

Маханбет Жәнібек

06

Қаңтар

Мәдениет
2018

Маханбет Жәнібек – қолөнер бұйымдарының шебері, суретші.

1987 жылдан бастап Жанибек Асанулы ағаш кескіндеме жасаумен айналысады. Сол жылы Мәскеу қаласында өткен республикалық қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберлердің көрмесіне және қолөнер бұйымдары шеберлерінің фестиваліне қатысып, СССР суретшілер Союзының дипломымен марапатталды. 1998 жылы Астана қаласында өткен ашық көрмеге қатысты. 1999 жылы Мемлекет басшысының сапарына байланысты  ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын жасаушы шеберлердің көрмесіне қатысты. 2006 жылы облыстық «Алтын Сапа» кішігірім кәсіпкерлік байқауының бас жүлдесімен марапатталды.

2008 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мұражайының ашылу салтанатына қатысты, жеке шығармашылық көрмелерді жүргізді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мұражайының алғыс хатымен марапатталды.

2009 жылы Қызылорда облысының 70-жылдық мерейтойына орай, Төс белгісімен марапатталды. 2010 жылы Спорт және Туризм Министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген көрмеге қатысты. «Спорт және туризм Министрлігінің Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2011 жылы ҮІІІ облыстық «Наурыз Шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты атанды және білім бөлімі жұмыскерлерінің ұйымдастыруымен төс белгісімен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына, Сырдария ауданында тұңғыш ұшқыш Ю.А. Гагариннің космосқа ұшқанына 50 жыл аясында өткен «Гагарин көктемі» қолөнер бұйымдарының республикалық көрмесіне қатысты. 2011 жылдың мамыр айында Алматы қаласындағы туризмге байланысты ХІ Халықаралық көрмеге қатысты. 2012 туристік индустрияның аясында ұйымдастырылған 2012-2014 жылдардағы Көкшетау қаласындағы «Сарқылмас Саяхат» бағдарламасына сәйкес Туризм комитетінің грамотасын алды. 2014 жылы облыстық Қазақстан қолөнершілер одағы филиалының, Қызылорда облысының кәсіпкерлігімен және Туризмімен өткізілген «Добрых рук Ремесло» атты ІІ республикалық байқауда 1 орынды иеленді. 2014 жылы жылдың қорытындысы бойынша «Туризм саласындағы ерекше қызметі үшін» Америкалық штатта, Аризон туындылары, Кальгарияның, Англияның, Лондонның туындылары бар. Ресей азаматтарында және жеке қалаларында бар. Оның туындылары Америкалық Аризон штатындағы азаматтарда бар. Ресейдің және Казань қаласының жеке өзінде бар.

2015 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының «Ардагерлер ұйымдығының» Мәдениет және спорт министрлігінің негізінде республикалық фестивальде ІІ дәрежелі Дипломға ие болды. 2015 жылы Қазақстанның қолөнер бұйымдарының шеберлері арасындағы «Шебер – 2015»  байқауының финалистісі болды. Бұл байқауда «Шебер – 2015» «Төлтумалық» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 2015 жылы «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық байқау көрмесіне қатысты. «Жеңіл өндіріс аумағындағы жеткен жетістіктері үшін» номинациясымен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының төрағасы А.Мырзахметовтың тарапынан алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысты. Қоғам қайраткері Жанибек Махамбет Комсомолдық Партияның мүшесі Муратбаев Нурмаганбетов әріптесінің өмірін және еңбек жолын меңгере келе және осы зерттеу жұмыстарының негізінде «Источник жизни» атты кітапты жарыққа шығарды. 2018 жылы Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапатталды.