Менің тарихым

Татьяна Кузнецова

Татьяна Кузнецова

06

Қаңтар

Медицина
2018

1974 жылы медициналық училищені үздік тәмамдаған Татьяна Анатольевна Павлодар қаласы №5 емханасына хирургиялық мейірбике болып қабылданды. Екі жыл бойынан «Павлодар облысының үздік мейірбикесі» атағымен марапатталды.  

Ол 1986 жылы Семей мемлекеттік институтының күндізгі бөлімшесін үздік аяқтап, учаскелік терапевт дәрігері ретінде №5 емханаға қайтып келді.  «Үздік жыл дәрігері» атағына ие болды.  Бас дәрігердің орынбасары ретінде жұмыс істеді, ал қазір терапия бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеп келеді.

Татьяна Кузнецованың еңбек кітапшасында тек бір ғана жазба бар, ол жазба оның №5 емханада 45 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын растайды. Емхана басшылығынан, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасынан көптеген грамоталары, марапаттары, пациенттерінен алғыс хаттары бар.  

Татьяна Анатольевна туралы шексіз айта бергің келеді, Павлодарда оны білмейтін, танымайтын адам жоқ шығар, тәуліктің кез келген уақытында кез келген адамға қажетті кәсіби медициналық көмегін көрсете біледі. Татьяна Кузнецованың кабинетінің есігі ешқашан жабылмайды, ол кәсіби көмегіне жүгінген барлық емделушінің әрқайсысын мұқият тыңдап, тиісті кеңесін беріп, ешкімді өз назарынан тыс қалдырмайды.  Татьяна Анатольевна — өте ғажап адам, кәсіби дәрігер, қамқор ана және әже!