Менің тарихым

Сәуле Кожухова

Сәуле Кожухова

06

Қаңтар

Бизнес
2018

Сәуле Кожухова – кәсіпкер.

Сауле Кожухова – рухы күшті адамның айқын үлгісі. Ол 18 жасынан бастап кәсіпкер, бүгінгі таңда оның артында түрлі салада кәсіпкерліктің тәжірибесі бар. Сонымен қоса ол көпбалалы ана.

18 жасынан бастап Сауле жылжымайтын мүліктің директоры болды,пәтерлердің жүзеге асырылуымен айналысқан. Тиімді ұсыныстармен үйлі болу үшін көптеген адамдарға көмектескен. Кейін, газет шығарған, европалық брендтегі кәмпиттердің бөлімдері болды. Сауле Қостанай қаласындағы түрлі шаралардың қатысушысы. Қаланың жәрмеңкелеріне қатысқан, сонымен қатар «Зерен 2018» Республикалық лагеріне қатысқан. «Алқап» атақты жас миллионер Аяз Шабудтиновтан, және де Рухани Жаңғыру «Жас Атамекен» жастар кәсіпкерлері клубының ресми негіздеушісі жобалардың үйлестірушісі болып табылады.

2014 жылы ажырасқаннан кейін Сауле бір минут та түңілмей еліміздің қамын жеп жаңадан  мүлдем жаңадан барлығын нөлден бастап, еңбектене бастады. Ол бүгінге дейін ер адам айналысатын кәсіппен айналысады. Анығында тауарларды экспортқа жөнелту бойынша. Оның жіберілген тауарларының қатарында – кебек, күнбағыс тұқымы, ұн жалпы алғанда Қостанай облысы не нәрсеге бай болса соның барлығы. Сауленің айтуынша,  бұл айтарлықтай маңызды әрі қиын кәсіп. Сондықтан да 2017 жылы жаңа іске жанын сала отырып, ол мектеп қабырғасындағы оқушылардың сенімділігін бекіту мақсаты болып табылатын Қостанайдағы тұңғыш «Перспектива» деп аталатын актерлық шеберлік және этикет мектебінің негізін қалады.

«Өзіне сенімді адам әрдайым және барлығында жетістікке жете біледі. Бұл жобаны іске қосуда мені аналық түйсік жетеледі. Егер ойланып қарайтын болсақ, баланың өміріндегі негізгі уақыты түрлі жағдаяттар болып жататын жалпы орта білім беретін мектепте өтеді. Ал егер баланы сол жағдайларға дұрыс жауап беруді үйретсе, көптеген аналарға балаларға арналған өздерінің чадында әлдеқайда салмақты болады» деп, есептейді Сауле.

Сәуір айында тағы бір мектеп ашылды. Тауарларды жөнелту кезіндегі жұмыстың нәтижесіндегі өзінің білімімен бөлісіп, үлкендерге беретін Экспорт мектебі. Сонымен қоса, Сауле ажырасуды бастан кешірген, өзін-өзі дамытуға, моральдық тұрғыдан көмек көрсету мақсатымен «Ажырасқан әйелдер» клубын құрды. Сондай-ақ Сауле «Бақыт шеберлігің» қатысушысы, қаланың балалар үйінің мерекелік іс-шаралын ұйымдастыруы кіретін халықаралық қайырымдылық қорының бастамашысы болып табылады.

«Бұл балаларға біздің беретін ең жақсы ісіміз ол – біздің оларға деген жылулығымыз, махаббатымыз. Егер біз оларға жетіспейтін дүниені берсек, сіздерге уәде берем балалар бүлдіршіндердің өмірге деген көзқарасы мүлдем басқаша болады» деп, сенімді түрде жауап берді.

Әлеуметтік желілерде оған көптеген қыз-келіншектер Саулені үлгі тұтып, өздерінің өмірге деген құлшыныстарын арттырып, жұмыс жасауларына жаңа белестерді бағындыруға қол созуларына  мотивация, рух беріп, қиын жағдайда қайғы-уайымға берілмей күре білуге үйреттіңіз деген пікірлерді жиі жазып жатады.

«Сол қыз-келіншектердің әрқайсысы қайғырып, еңсесі түсуден бұрын, мені еске алып, өздерін қолға алады. Қыздар менің бірнеше кәсіппен айналысып жүргенімді, аналық міндеттерімді атқарып, және ол жұмыстың менің қолымнан келгенін көріп отыр. Менің әрдайым позитивті жүретінімді, қашан да ақ көңіл ашық жан екенімді көріп отыр. Әрине де маған мұндай сөздер ұнайды, қалай дегенмен де бұл дүние жағымды ғой. Мен балаларымның жағдайын қамтамасыз ете отырып, оларға жарқын болашақ сыйлауға тырысамын. Өзімнің оқушыларыма оларға болашақта жаңа мүмкіндіктер туғызатын білім бергім келеді, ал балалар үйіндегі бүлдіршіндерге қазіргі уақытта онсызда аз адамдарға деген сенім сыйлағым келеді» деп, атап кетеді Сауле өз сөзінде.

Сауле позитивті сенім мен ұстаным және адамдар алдындағы жауапкершілік сезімі – алға қарай жылжудың ең жақсы әдісі екеніне толықтай сенімді. Әрине оның жетістікке деген басты құлшынысы мотиваторлары оның балалары Даниал, София, Согдиана және Алан болып табылады.