Менің тарихым

Райхан Бекманова

Райхан Бекманова

06

Қаңтар

Қоғам
2018

Райхан Бекманова – қоғам қайраткері

Райхан Бекманова –жекеменшік мекеменің басшысы. Азаматтығы жоқ, психологиялық, әлеуметтік көмек алуда зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға арналған  «РАЙ» атты «Кейінге қалдырылмаған әлеуметтік көмек көрсету Орталық» ұйымдығын ашты.

Өзінің өмірлік тәжірибесінде үйдегі зорлық-зомбылықты көріп және балаларымен көшеде қалудың әйел адам үшін бастан кешіру  қандай қиын екенін түсінген Райхан Бекманова көмек көрсету орталығын ашуды жөн деп шешті. Осылайша 2013 жылдан бастап, «РАЙ» орталығы тұрмыстық жағдайдың құрбаны болған жандарға (әйелдер мен балаларға) кеңестік қызмет көрсете бастады.

Осыдан кейін әйелдер баспанасына және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа түскен балаларды оңалту бағдарламасына бағыттаумен айналысатын Дағдарыс орталығын ашу мақсаты қолға алынды.

2016 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласында тұңғыш рет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер мен балалардың баспанасына арналған Дағдарыс орталығының есігі ашылды.