Менің тарихым

Макен Рахымжанова

Макен Рахымжанова

23

Шiлде

Мәдениет және спорт
2018

Макен Рахымжанова - әртіс

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1972 жылдан бері еңбек етеді. Театр сахнасында 46 жылдан аса уақыт өнер көрсетіп келеді. Осы жылдары 100-ден аса рольдерде ойнап, шеберлігі шыңдалған өнер иесі.  Көптеген белгілі классик-жазушылардың драмалық шығармалары бойынша қойылған қойылымдарда, оның ішінде, Мухтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Вильям Шекспир  және т.б. драматург-жазушылардың драмаларында басты рольдерді сомдаған.

Ол, бүгінде театр репертуарындағыВ.Шекспирдің«Ричард ІІІ» спеткаклінде- Королева Маргарита, М. Байжиевтің «Құдаларында»- Сайраш, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - Мақпал, Ж.Мольердің «Бәледен құтылдың медицина!» комедиясында- Николь, Е.Уахитовтың «Алтын дуалында» - Хадиша,М.Шахановтың «Танакөзінде» - Ана, Ә.Әмзеевтің «Қара кемпірінде» - Қали, Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісінде» - Хадиша, Ш.Мұртазаның «Домалақ анасында» - Рух, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында»Толғанай рольдерін және басқа да шығармаларда көптеген басты рольдердісомдап келеді.

Актрисалық шеберлігімен бірге, режиссерлік қабілетін де танытып, мектепке дейінгі жәнемектеп жасындағы балаларға арнап, көптеген қойылымдар қойған.

Театрдың Көркемдік кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысады. Сондай-ақ, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі ретінде аталған одақтыңжүктеген тапсырмалары мен жүктемелерін уақтылы әрі сапалы орындауымен ерекшеленеді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде дебастапқы партия ұйымдары тапсырмаларын белсенді атқарады. Жас маман-артистерге өз білетінін үйретуден жалықпайды. Жастармен өз тәжірибесімен де, теориялық білімімен де бөлісуге әрдайым даяр тұрады.

Бірнеше рет Халықаралық және республикалық театр фестивальдарының лауреаты мәртебесін жеңіп алған. 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденмен марапатталса, 1986 жылы Қазақстанныңеңбек сіңірген артисі, 1996 жылы Қазақстанның халық артисі, 2012 жылдан Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының құрметті азаматы атақтарына ие болған.