Менің тарихым

Дүйсенғали Оспанов

Дүйсенғали Оспанов

06

Тамыз

Қоғам
2018

Дүйсенғали Оспанов – қоғам қайраткері

Дуйсенғали Оспанов – Қостанай облыстық филиалының «Ұлттық параолимпиялық комитеті» ҚҚ директоры, «Қазақстан мүмкіндігі шектеулілер конфедерациясының төрағасы» РҚҚ, «Мүгедек-азаматтардың тіреуіш-қозғалтқыш «Үміт-Надежда» аппаратының функциясының бұзылуын қоғамдық қолдауы» ҚҚ төрағасы, Қостанай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау бойынша белсенді қоғам қайраткері, ҚР мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, Қостанай қаласындағы мүгедектердің жұмысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі.

 Қоғамдық қайырымдылық жұмыстары аясында атқарылатын шараларға тұрақты түрде қаржылық, қайырымдылық жағынан көмек көрсетіп тұрады. Дуйсенғали Сұлтанұл – 2005 жылы 30 қыркүйекте Қостанай қаласында мүгедектердің өздерінің бастамасымен құрылған «Мүгедек-азаматтардың тіреуіш-қозғалтқыш «Үміт-Надежда» аппаратының функциясының бұзылуын қоғамдық қолдауды» ҚҚ негізін қалаушы және теңдесі жоқ төрағасы.

1979 жылы Комсомолдық-жастар ұйымдығының лидері бола тұрып, Дуйсенгали Оспанов ауыр жарақат алады – жұлын жарақатымен 5-6 мойын омыртқасының сынуы, 4 жыл бойы төсек тартып жатады, не аяқтарымен, не қолдарымен қимылдай алмайды. 1 топтағы арбадағы мүгедек. Көрген қиыншылығы мен жарақатының ауырлығына қарамастан, жігерлі түрде жоғалтқан функцияларды қалыптастырумен айналысты. Өздігінен отыруды, киінуді, өз күшімен тамақ жеуді уақыт өте келе нұсқаулық батырмасымен автокөлік жүргізуді үйренді. Ауыр сырқатқа, дәрігерлердің керісінше қойған диагноздарына қарамастан ол өзінің отбасын құрды және бүгінде міне 23 жыл бойы бақытты некеде өмір сүруде.

 Дуйсенгали қайраткерлік жұмыстардың көптеген түрлерімен айналысты. 2005 жылы Қостанай қаласындағы «Мүгедектер – арбалылардың Қоғамдық бірлескен «Үміт-Надежданы» бастамашысы және негізін қалаушысы болды. Қазіргі таңда 2009 жылы «Республикада  «Танцующие коляски» атты  арбадағы жандардың спорттық балет билері» бойынша бірінші Фестиваль сынды әлеуметтік маңызды науқандар мен жобаларының арқасында барша Қазақстанға танылып, үздік болып отырған ұйымдық. Бұл жоба  ҚР Мәдениет және ақпараттық Министрлігінің әлеуметтік тапсырысымен ұйымдастырылып нәтижесінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхамедтің Алғыс хатымен марапатталған үздік жоба.

  Осы жобаның арқасында «Үміт-Надежда» Қоғамдық Бірлестігі Қазақстанда еліміздегі параалимпиада спорт түрлерінің тізбесіне кірген спорттық-балет билерінің негізін қалаушысы болды. «Үміт-Надежда» ҚБ жобаларды, әлеуметтік-маңызды акцияларды, семинарларды, тренингтерді, спорттық турнирлерді, ән Байқауларын, Республикалық және Халықаралық авто митингілерді жүзеге асыруда үлкен іс-тәжірибеге ие.

2005 жылдан бастап қоғамдықпен 33-ке жуық әлеуметтік-маңызды жобалар іске асырылды. Соңғы 5 жылда «Дорога в школу» науқанының аясында 30 балаға 1 200 000 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Америка Елшілігі арқылы «Үміт-Надежда» ҚБ «Прорейдор», «Бөлмелік арбалар» үлгісінде ауылдан, ауданнан, Қостанай облысының қалаларынан қашықтықта орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін түрде 250 мүгедектер арбасын алды. Сондай-ақ акция төңірегінде мұқтаж жандарға жаяу журетін таяқтар, арбалар тегін таратылды.