Менің тарихым

Айдынбек Скендіров

Айдынбек Скендіров

06

Тамыз

Қоғам
2018

Айдынбек Скендіров – қоғам белсендісі

Ол 1987 жылы 20 шілде де Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжін заңгер мамандығы бойынша аяқтап, одан әрі Қазақ-Қытай институтын «Тарих» бакалавры академиялық дәрежесін алған. 2018 жылы Ресей Федерациясы Омбы гуманитарлық академиясының «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономикалық ғылымдар магистрі акдемиялық дәрежесін алған. Білім алған жылдары институттың Қазақстан cтуденттер альянсына жетекшілік етті. Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарының медициналық пунктердің сапасын жоғарылатуға орай «Жан саулығы-тән саулығы» және «Қалың қалай, студент?», «Студенттік омбудсмен» жобалары бойынша жұмыстар жүргізген. 

2009 жылдың қараша айынан бастап, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамытыу бөлімінің «Жыраулар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында маман болып қызмет атқарып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қолға алынған келелі істерін жастарға насихаттау, тарихи мұраларымызды күтімге алу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, 2014-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Қармақшы аудандық бөлімшесінің төрағасы, 2016 жылы «Теміржол» БПҰ төрағасы және 2017 жылдың маусым айынан бастап «Қармақшы Демеу» корпоративтік қорының директоры қызметтерін қоғамдық негізде атқарып келеді. Айдынбек Айтбайұлы қоғамдық-саяси және мәдени көпшілік жұмыстардың белсенді ұйымдастырушысы ғана емес, қор директоры ретінде әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсету, маңызды қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыруға қолдау көрсету жұмыстарын жүргізіп келеді.  Сонымен бірге, ол өлке тарихын зерттеп, мәдени мұраларамызды жұртшылыққа насихаттау бағытында бірнеше тарихи-танымдық публицистикалық әңгімелер мен мақалалардың авторы. Айдыбек Айтбайұлы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жұмысына сүбелі үлес қосып, белсенділік танытып жүрген партия мүшесі. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі, аудандық «Жас  ғалымдар кеңесінің» мүшесі, партияның облыстық, аудандық конференцияларының, «Жас Отан» жастар қанатының ІІІ съезінің делегаты болып сайланған. «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервіне енгізілген. «Жастар кадрлық резерві» жобасының 2013, 2014 жылдардағы оқыту модульдерінің тыңдаушысы. Айдынбек Айтбайұлы өз саласында жақсы жетістіктерге жетіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары үшін Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Алғыс хаттарымен», «Нұр Отан» париясының облыстық, аудандық филиалының және аудан әкімі мен басқарма басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ «Бейбітшілік Әлемі»  (Планета Мира-World of Peace) Халықаралық Қазақ Творчесволық бірлестігінің  «Мәдениет майталманы» медалінің иегері.  Жастар саясаты мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, рухани-әлеуметтік үрдістердің дамуына қосқан үлесі үшін республикалық «Ғани Мұратбаев сыйлығының» иегері. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тіл табысып, қарым-қатынас жасай біледі. Өз әріптестері арасында беделді.