Менің тарихым

Владислав Трифонов

Владислав Трифонов

Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі

13

Қыркүйек

Қоғам
Жеңімпаз 2017

Дауыс берілді

10397

Владислав Трифонов – пейілі кең, жүрегі жұмсақ жан. Бірінші топтағы мүгедек боласа да, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді! Ол тағдырдың тауқыметіне қарсы тұра білді, бойындағы жігер мен қайсарлық оны алға жетелеп, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына дейін өсті.

Владислав Трифонов 1972 жылы өмірге кеген. 15 жасында Владиславтың көзі көру қабілетінен 99 % айырылады. Көз жанарының көруі нашарлағаны үшін ол 1-ші топтағы мүгедек болып қалды. Мұндай қиындыққ тап болған кез-келген адам өмірден баз кешіп, қиналары сөзссіз. Алайда Владислав тағдырдың сынағына қарсы тұра білді. Ол жасымай Шевченко қаласындағы техникалық училищеге оқуға қабылданып, «слесарь» мамандығын меңгерді. Мүгедектігіне байланысты кәсібі бойынша жұмыс істей алмайтындығын түсініп, 1994 жылы Ақтау қаласының «Меридиан» медицина колледжіне «фельдшер» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін 23 жыл бойы мануалды терапия маманы болып жұмыс істеді.

Владислав 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Кейіннен жекеменшік заң компаниясын ашты. Қаладағы 5 мемлекеттік Денсаулық сақтау мекемесінде заңгер болып жұмыс істеген. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ заңгер болып жұмыс істейді.

2006 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін Қоғамдық қор ұйымдастырып, соның директоры болды. Қор көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Қайсар жанның қайрат-жігеріне сүйсінбеу мүмкін емес. Аяқ-қолы балғадай, он екі мүшесі сау болса да Владиславтың істеген ісін жасай алмай жүрген жандар қаншама?

2014 жылы Владислав Трифонов Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сапасын арттыруға барынша үлесін қосуда. Ол өте қарапайым, мейірбан, ісіне жауапты жан. Владислав уәденің адамы!

2016 жылы «METROPOLITAN BUSINESS SCHOOI» мемлекеттік сектордағы менеджмент мамандығын меңгерді. 2017 жылы Мәскеудегі «Синергия» МВА Университетінде Іскерлік басқару магистрі атанды.

ҚР Әділет министрлігінің алғыс хатымен марапатталған. Маңғыстау облысы әкімінің медалі, параолимпия қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат, «Балаларға денсаулық» ҚҚ Алғыс хатымен марапатталған.
Мүмкіндігі шектеулі жан болса да, талай биіктерді бағындырып, арманына қол созуына ештеңе кедергі келтіре алмады. Владислав отандастарына үлгі боларлық азамат!