Менің тарихым
математика пәні кітаптарының авторы
Қыркүйек
Ғылым және инновация
Жеңімпаз 2017
Татьяна Павловна К.Д. Ушинский атындағы Петропавл мемлекеттік педагогикалық институтында физика-математика мамандығы бойынша білім алған.
1982 жылдан бері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасында қызмет істеуде.
Татьяна Павловна 1994-2001 жылдар аралығында шағын мектептердің ұстаздарын даярлауға атсалысты. Ол математика пәні бойынша 5-12 сыныптарға арналған оқулықтардың авторы. Осы оқулықтарды пайдалана отырып, алғаш рет республика бойынша өткен 12 жылдық оқу жүйесін енгізу сынағына қатысты. 2009 жылы ҚР бойынша жалпы білім беру мектептерінің 2-6 сыныптарына арналған математика пәні оқулығы мен бағдарламасының авторы атанды. 2013 жылы Татьянаға «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атағы берілді.
2014 жылы ол Францияда өткен «Интеграция систем дошкольного и школьного образования на опыте Франции» халықаралық семинарына қатысып, біліктілігін шыңдап қайтты. Ұстаздың 323 ғылыми еңбегі жарық көрген. Олардың ішінде Ресей, Украина, Австрия, Германия, Чехословакия сынды шет мемлекеттердің жетекші университеттерінде импакт-фактормен басылды.
2015-2016 оқу жылында Татьяна Павловна ІІІ жалпы ресейлік халықаралық конкурсында екі номинация бойынша жеңімпаз атанды. 2016 жылы «Білім беру саласының үздігі» атанды.