Менің тарихым

Қабылбаев Мұрат

Қабылбаев Мұрат

«Покажи мне небо» кітабының авторы,11 баланың әкесі

13

Қыркүйек

Қоғам
Жеңімпаз 2017

Дауыс берілді

10569

Мұрат Қабылбаев –он бір баланың әкесі, оның ішінде он баланы асырап алған. Мұрат бала асырап алушылар арасында және қоғамдық қозғалыстарды ұйымдастырушалыра арасында Ақмола облысына танымал адам, «Ребенок должен жить в семье» қоғамдық қозалысының белсенді мүшесі, сонымен қатар Мұрат Қабылбаев Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорында жұмыс істейді, «Казахстан без сирот» жобасында usynovite.kz сайтының редакторы болып табылады.

Бұдан бөлек, Мұрат бала асырап алу, қамқорлыққа алу және патронаттық тәрбиелеу проблемалары бойынша контент құрумен айналысады. Panda.kz, Yision.kz порталдарында және баспа басылымдарында, әлейметтік желілерде басылымдарын жариялап отырады, Қазақстандағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу тақырыбына жазылған көптеген мақалалардың авторы. Мұрат қоғамдық тыңдауларға, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын бекіту,  отбасы және балаларға арналған әлеуметтік қызметтерді дамыту форумдарына белсенді қатысады. 

Біздің кейіпкеріміз 11 баланы тәрбиелейді, оның ішінде 10 бала қамқорлыққа алынған. Балалар әр түрлі ұлт өкілдерінен: қазақтар, орыстар, украиндар, түріктер, татарлар, поляктар. Барлық балалар қазақша, орысша тілді жетік меңгерген, сегіз бала қазақ мектебінде оқиды. 

Кенесары ауылының тұрғыны, атақты Балуан Шолақтың шөбересі, жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін «Алтын жүрек» сыйлығының иегері атанған Мұрат Қабылбаевтың кітабы «Маған аспанды көрсетші ... мені үйге апаратын жолды көрсетші, мені отбасымның, мені жақсы көретін және маған қамқор болатын ата-аналардың ортасында қайтадан шаттануға үйретші. Бұл сұрақты өз еркінен тыс балалар үйіне түскен балалардың көздерінен жиі көресің», - деген сөздермен басталады.

Кітап әлеуметтік желілерде әр беті жарияланғаннан бастап бестселлер болды, ал өзінің атағы тарады.

 «Әкенің күнделігі» - мұны жүздеген адам оқыды, одан кейін барлық әлемнен: Америка, Англия, Австралия көптеген адамдар кеңес сұрады, өз тәжірибелерімен бөлісті. Діншіл, 15 жыл имам болып қызмет еткен ол бір күні өзіне өмірдің мәні деген сұраққа жауап берді. Тоғыз жыл күткеннен кейін жары оған Ибрахим атты ұлды сыйлады, бір жылдан кейін олар бұрыннан ойлаған ойларын балалар үйіне келіп жүзеге асырды. Осылайша олардың отбасында Адель, Тамерлан, Төлеген және Болат пайда болды.

Жарты жылдан кейін тағы үшеуін: Коля, Оксана, Машаны үйге әкелді, одан кейін Анастасия, Эмре және Фатиха келді. Олар баланы өздеріне отбасына жиі ала қоймайтын балалардың ішінен алды: бес жастан жоғары және бір отбасынан шыққан ағалы-қарындасты балаларды алды. Тегінің жаман болуы мүмкін дегенге сенбеді, ұлтына да қарамады, олардың отбасында – орыстар, қазақтар, украиндар, түріктер метистер де бар... Отбасының жылуына және қақмқорлығына балалары да жылы жауап қайтарды. Мұраттың барлық балалары өзі сияқты мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгерген. 

 Оның ұйымшыл отбасы барлық қате түсініктер мен стереотиптерді бұзады. Ол өз күнделігінде маскүнемдік, адамгершілікке жат қылық деген әлеуметтік ерекшеліктердің балалардың қанына сіңбейтінін сеніммен айта алатынын жазды.

«Асырап алған ата-аналар тек өздері ғана балаларға үлгі бола алатынын түсінуі керек. Балалар сорғыш сияқты, өздері көрген және естігеннің бәрін бойына сіңіреді. Мен асырап алған балалардың бойында өз дағдыларының барын байқап жүрмін. Менің ойымша олар өздерінің асырап алған ата-аналарына ұқсағысы келетін сияқты...».