Жаңалықтар «100 жаңа есім». Дауыс беру мерзімі ұзартылды

«100 жаңа есім». Дауыс беру мерзімі ұзартылды

«100 жаңа есім». Дауыс беру мерзімі ұзартылды

Жобаның 2790 қатысушысы арасынан үздіктерді анықтау үшін 100janaesim.ruh.kz сайтына өтіп дауыс беру қажет. Бүгінгі күні дауыс берушілердің қатарында Қазақстан тұрғындарымен қатар, алыс және жақын шет ел тұрғындары да өз үміткерлерін белсенді түрде қолдап келеді.

Құқық бұзушылықтар не өзге де бұрмалаушылықтар, оның ішінде онлайн-дауыс беру кезінде дауыстарды бұрмалау анықталған жағдайда, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өзіне қалдырады. Бір IP-мекенжайдан әр номинациядағы бір адамға ғана дауыс беруге болады. Қатысушының дауыстары сауалнаманың жоғарғы оң жағында көрсетіледі.

IV маусымның жеңімпаздары жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы және қазылар алқасының жұмыс нәтижелері бойынша анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, жоба басталған 2017 жылдан бері «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 163 финалисі анықталды. Биыл жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтуде.