Жаңалықтар Қазақстанның 100 жаңа есімі: 32 адам жоба жеңімпазы атанды

Қазақстанның 100 жаңа есімі: 32 адам жоба жеңімпазы атанды

Қазақстанның 100 жаңа есімі: 32 адам жоба жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтанда жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды құттықтауға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, вице-премьер Бердібек Сапарбаев және Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары үш кезеңдік іріктеудің нәтижелері бойынша анықталды. Бірінші кезеңде әрбір ниет білдіруші жобаға қатысу үшін өтінім жіберді. Барлығы 1 673 сауалнама қабылданды.

Екінші кезеңде жобаның ресми сайтында жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру өткізілді. Дауыстардың жалпы саны – 700 мың. Ақтық кезеңде қазылар алқасының отырысы өтті. Оның құрамына түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен танымал қазақстандықтар кірді.

Барлық өткен кезеңдердің қорытындысы бойынша 32 жеңімпаз анықталды (оның ішінде жобаның 25 қатысушысы – онлайн-дауыс берудің жеңімпаздары, жеті қатысушыны қазылар алқасы ұсынды).

Жоба жеңімпаздарының арасында әр түрлі мамандықтың тетігін игерген жастар бар. 

Байқау жеңімпаздарының арасында:

  • Қоғам - 11 адам;
  • Ғылым және білім - 4 адам;
  • Медицина - 2 адам;
  • Бизнес - 5 адам;
  • Спорт - 5 адам;
  • Мәдениет - 5 адам.

2019 жылғы барлық жеңімпаздардың есімдері жоба сайтында жарияланды.

Өткен жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауында 27 жеңімпаз анықталды.