Жаңалықтар Саясат Нұрбек. Жас буынға жаңа үлгі, жаңа есімдер керек

Саясат Нұрбек. Жас буынға жаңа үлгі, жаңа есімдер керек

Саясат Нұрбек. Жас буынға жаңа үлгі, жаңа есімдер керек

Саясат Нұрбек - саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

  • «Қазіргі заман адамының, әсіресе, жастардың, жас буынның өзіндік теориясы бар. Оларға нақты үлгі керек. Орта буын өкілдері идеяны, белгілі бір концепцияны үлгі тұта алса, бүгінгі буын үшін ол аздық етеді. Құр ұран, күнделікті сөз жастарды толыққанды шабыттандыра алмайды. Нақты үлгі деген кім? Ол Марк Цукерберг, Илон Маск, Стив Джобс секілді өздері күнделікті көріп, дүниелерін қолмен ұстап, пікірін оқып, жұмысын бақылап отырған адамдар.

Бұл тізілгендер «шетелдік брендтер». Бізге өз «брендіміз», үлгіміз керек. Өздері секілді Қазақстанда туған, оқыған, жұмыс істейтін адамның жеткен жетістіктері жас буынға шынымен үлгі бола алады. Медианың жасап қойғаны, көрсеткені секілді жетістікке жетудің оңай емес екенін, ол үшін қажырлы еңбек ете білу керек екенін толықтай түсіндіріп, олардың өзіне деген сенімін қалыптастыра алады.

Кез келген сала бойынша нақты үлгінің болуы, әлеуметке белгісіз есімдердің, біз көп көңіл аудара бермейтін салалардағы үздіктердің бейнесі сол саланың дами түсуіне, сол салада жас қазақстандықтардың қызмет ете бастауына үлкен сеп болар еді.

Осы үш негізгі бағыт бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» әлдеқайда ауқымды, әлдеқайда терең де қажет жоба деп білемін».