Жаңалықтар Серік Сапиев: «Сөзі мен ісі келісті азаматтарды насихаттауымыз керек»

Серік Сапиев: «Сөзі мен ісі келісті азаматтарды насихаттауымыз керек»

Серік Сапиев: «Сөзі мен ісі келісті азаматтарды насихаттауымыз керек»

Серік Сапиев - Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің төрағасы:

  • «Бір ғана сала бойынша емес, басқа да бірнеше саланың үздіктерін анықтауға мүмкіндік беретін, жетістікке жеткен, әлі таныла қоймаған азаматтарды іріктейтін жоба.

Шағын ортада танымал адамдар бар. Байқау бермейміз. Олардың ғылымда, қоғамда, спортта, мәдениет пен медицинада алатын орны мен жеткен жетістігі айқын болса да, әртүрлі себептермен жалпақ жұртқа белгісіз болып жатады. Жобаның мақсаты – сондай тұлғаларды танытып қана қою емес, ең үздік азаматтарды жас буынға үлгі ете білу. Сөзі мен ісі келісті азаматтарды насихаттау. Жетістікке жету жолдарын айқындау. Мүмкіндіктердің мол екенін көрсету».