Жаңалықтар «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫ: ҚОС ЖЕҢІМПАЗДЫҢ Пікірі

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫ: ҚОС ЖЕҢІМПАЗДЫҢ Пікірі

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫ: ҚОС ЖЕҢІМПАЗДЫҢ Пікірі

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2018 жылғы жеңімпазы, сәулетші Айдос Есмағамбетовпен, паралимпиадашы, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Сәлімгереевпен аз-кем сұқбат құрған едік. Жоба жайлы жеңімпаздар пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

 Ruh.kz: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы сізге не берді?

Ruh.kz: Биылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатарынан кімді көргіңіз келеді?

Ruh.kz: Қатысушыларға айтар ниет, лебізіңіз болса?.. 

Айдос Есмағамбетов:

  1. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жарнама ретінде қарауға болмайды. Жарнама үшін жасалған, жүзеге асып жатқан дүниелер онсыз да жетіп артылады. Жобаның негізгі мақсаты белгілі бір сала бойынша нақты істің адамдары бар екенін көрсету деп білемін. Қазақстанның мәдениетін, туризмін, өнерін дамытуды да мақсат еткен жоба деп ойлаймын. Талай жеңімпаздар мен қатысушыларға тиісті қолдау көрсетілеріне сенімдімін. 
  1. Қазір жобаға қатысушылар көп. Құны түсіп кетпесе екен деймін. «Оскар» сыйлығы сынды үздіктердің үздігі ғана қол жеткізе алатын марапат болса екен деймін. Сонда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» өте беделді де сапалы жоба болары сөзсіз! 
  1. Жеңсе де, жеңбесе де адами құндылықтарын жоғалтпауын тілеймін. Адамдығын, адалдығын жоғалпаса, тәкәппарлықтан аулақ болса екен деймін. Үлгі бола аларлықтай азамат болуын тілеймін! Барлығына сәттілік, үздіктерге жеңіс тілеймін! 

Ержан Сәлімгереев:

  1. Қатысушылар арасында әлем чемпиондары мен Олимпиадада топ жарған бірқатар мықты жігіттер жетерлік. Осындай азаматтарды «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атануға лайық деп білемін! 
  1. Айтылған сөз, басталған іс сол айтылған күйі, басталған күйі іссіз, аяқсыз қалмаса екен деймін. Ел абыройын көтерер атқамінер азаматтардың көп болуын тілеймін. Ел намысы үшін күресіп, ел ертеңі үшін еңбек етіп жүрген жастарға қажетті қолдау болса екен деймін.