Жаңалықтар «100 жаңа есім». Жиі қойылатын 3 сұрақтың жауабы

«100 жаңа есім». Жиі қойылатын 3 сұрақтың жауабы

«100 жаңа есім». Жиі қойылатын 3 сұрақтың жауабы

Сұрақ: Маған берілген дауыстардың күрт азайғанын байқадым. Қанша күннен бері әзер жинаған дауыстарым қайда жоғалып кетті? Мен тіпті скриншоттарын да көрсете аламын.

Жауап: Алғашқы кезде сайт қонақтары өз үміткерлеріне бірнеше рет дауыс берген. Кей қолданушылар әр түрлі браузермен кіріп, қулық жасағандарын да көріп отырмыз. Оның барлығы бастапқы кезде есепке алынғанмен, кейін автоматты түрде алынып тасталады. Себебі жұмыс істеп тұрған жүйе бір адамның дауысын тек бір дауыс деп санайды.

Сұрақ: Айталық, менің спорт саласына қосқан үлесім өте үлкен. Бірақ жинаған дауысым көп емес. Бұл қаншалықты ескеріледі?

Жауап: Жобаның жеңімаздары екі жолмен анықталады. Жалпыхалықтық дауыс беру кезеңінде көшбасшы атанған үміткерлер және әділ-қазылар алқасының әділ шешімімен жеңімпаздар іріктеледі. Яғни, сіздің спорт саласында айтарлықтай жетістіктеріңіз және елдің дамуы мен атақ-абыройын шығару үшін жасаған еңбектеріңіз болса, қазылар алқасы үміткерге міндетті түрде назар аударады. Бұл дегеніміз, әр үміткердің әр салаға қосқан еңбегі, жиған тәжірибесі, білім-қабілеті, барлығы мұқият ескеріледі. Сондықтан үмітіңізді үзбеңіз.

Сұрақ: Кері байланыс үшін қайда хабарлассам болады? Айтар арыз-өтініштерім бар еді.

Жауап: Барлық сауалдарыңызға 8 747 364 67 32 нөміріне хабарласу арқылы жауап ала аласыз. Біздің мамандар аптаның дүйсенбі-сенбі күндері сағат 09:00-18:00 аралығында сіздердің қоңырауларыңызға жауап береді.