Жаңалықтар «100 жаңа есім» жобасы: Елена Шушлебина

«100 жаңа есім» жобасы: Елена Шушлебина

«100 жаңа есім» жобасы: Елена Шушлебина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында батысқазақстандық екі үміткер жеңіске жеткен болатын.

Соның бірі – Зеленов аудандық орталық ауруханасының қызметкері Елена Шушлебина. 30 жастағы учаскелік мейірбике тындырымды ісімен, үлкен жауапкершілігімен ауылдастарының алғысына бөленіп жүр. Ал былтыр Елена толғағы келген әйелді жол бойында босандырып, ана мен баланың өмірін аман алып қалды.

Әріптесінің ойын қабағынан ұғып, істің ыңғайын айтқызбай біліп тұратын медбике – дәрігердің сенімді тірегі. Елена Шушлебина сондай тәжірибелі қызметкердің санатынан. Дертіне дауа іздеген науқастан оның алды арылған емес. Ауылдастары Еленаның елгезектігін жоғары бағалайды.