Жаңалықтар «100 жаңа есім». Сымбат Әбдірахманова

«100 жаңа есім». Сымбат Әбдірахманова

«100 жаңа есім». Сымбат Әбдірахманова

Жасы отызға толмай жатып, 10-нан астам мультфильмнің авторы болған Сымбат Әбдірахманова өткен жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңімпаз атанды.

Шығармашылық ізденісте жүретін аниматордың әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға бейімдеу әдістемелігі көпшіліктің жоғары бағасына ие болды.

Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған 9 мультфильм әзірлеп шығарды. Қалған анимациялық туындылары да танымдық сипатта. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жас өскін танымын кеңейтіп, сөздік қорын молайтуға арналған «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» сынды әдістемелік құралдар кең қолданыста. Сценарийді Сымбат өзі жазады, өзі монтаждайды. Тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденіс шүбәсіз бағаланатынына көз жеткіздім дейді аниматор.

Zakon.kz