Жаңалықтар «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы брайль жүйесімен кітаптар шығармақ

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы брайль жүйесімен кітаптар шығармақ

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы брайль жүйесімен кітаптар шығармақ

Елордадағы зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға арналған кітапханада брайль жүйесіндегі кітаптар шығарылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастама авторы – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының биылғы жеңімпазы Ғалым Нұрланов. Бүгінде ол жетекшілік ететін рухани ордада 20 мың кітап бар. 300-ге тарта ерекше оқырман тіркелген. Ғалым барлығына арнайы қаріпті үйретіп, заманауи технологияның ағымына тегін баулуда. Жас жігіт «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дәл осы тілеулестерінің қалауымен қатысыпты. Оның жеңімпаздар қатарынан көрінуі барша мүмкіндігі шектеулі жандарға үміт сыйлағандай. Ғалым Нұрланов та жауапкершілік жүгін түсінеді.

zakon.kz