Жаңалықтар «100 жаңа есім» бағытының екінші кезеңі жарияланды

«100 жаңа есім» бағытының екінші кезеңі жарияланды

«100 жаңа есім» бағытының екінші кезеңі жарияланды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының мақсаты – азаматтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру, жаңа идеяларды туғызу, прагматистік көзқарас қалыптастыру және Тәуелсіздік алған жылдардан бері ел дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғалардың ғұмыр тарихын жаңа буынға таныстыру, насихаттау.

Алғаш рет «100 жаңа есім» бағыты жарияланған кезеңде егемендік алған уақыттан бері мемлекеттің гүлденуіне, халықтың әлеуметтік әл-аухатын көтеруге атсалысқан 102 азаматтың есімі жарияланған еді.



Кейіннен бұл бағыттың бұқара арасында беделі өскені сонша, халық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының жеңімпаздар қатарын арттыру керек деген пікірге келді.



«100 жаңа есім» бағытының екінші кезеңінде де алғашқысы секілді жеңімпаздар сала бойынша іріктелмек.



Әрбір қоғамдық ұйым, жекеменшік кәсіпорын немесе компаниялар өздерінің үміткерлерін ұсына алады. Оларға қойылатын басты талап – үміткерлердің тұлға ретінде қалыптасқан ғұмырбаянында ел дамуына үлес қосқан кезеңдері анық көрсетілу қажет.



Сондай-ақ, аталмыш бағыттың екінші кезеңінде үміткерлер өздерін өздері ұсына алатын мүмкіндік қарастырылған.



Үміткерлерге қойылатын алаптар:



- үміткердің кәмелеттік жасқа толуы (18 жас);



- үміткердің өз саласындағы ел дамуына үлес қосқан анық жетістіктерінің болуы;



- үміткердің қоғамдық-саяси және еңбек ету бағытындағы айқын қызметтері. Сонымен қатар, жастарға үлгі боларлықтай отансүйгіштік, елінің болашағына алаңдайтын, еңбекке жақын азамат болуы;



- тұлғаның жеке жетістіктері. Оның заманауи Қазақстанды гүлдендіру мақсатында жасаған еңбектері мен бағындырған жетістіктерінің болуы;



- заманауи Қазақстанды гүдендіруге нақты қосқан үлесі.



Міне, осы талаптарға сай болса, кез-келген Қазақстан Республикасының азаматында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының жеңімпазы атануға мүмкіндік бар.