Жаңалықтар «100 жаңа есім» бағытының үміткерлеріне дауыс беру басталды

«100 жаңа есім» бағытының үміткерлеріне дауыс беру басталды

«100 жаңа есім» бағытының үміткерлеріне дауыс беру басталды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «100 жаңа есім» бағытының алғашқы легінде еліміздің аяққа тұру кезеңінде, ғылым, медицина, өнер, қоғамдық жұмыстар қызметінде ұлт дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар жеңімпаз атанған еді.

«Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі міндеттемелерінің бірі – бәсекеге қабілеттілік. Ал «100 жаңа есім» бағытының алдына қойған мақсаты – еліміздің даму жолында ерен еңбек  атқарған атпал азаматтардың еңсесін көтеріп, маңдай терін ақтау, алғыс білдіру. Сондай-ақ, жаңа буынның ел үшін еңбек етуіне себеп болу, жастар бет түзейтін тұлғалардың абыройын көтеру.



«100 жаңа есім» бағыты жарияланғалы бері осы бағыттың жеңімпазы атану үшін тырысып, еңбегінен белгілі бір дәрежеде нәтиже шығарып жүрген азаматтар баршылық. Демек, бұл бағыттың қоғамда, түрлі салаларды еңбек өнімділігі бойынша, белсенділік бойынша бәсекелестік туғыза алғаны сөзсіз.



Тәуелсіздік жылдарынан бері ел дамуына үлес қосқан азаматтардың саны 100 адаммен шектелмейді. Сондықтан, аталмыш бағыттың екінші кезеңі жарияланып, үміткерлерге дауыс беру науқаны басталды.



«100 жаңа есім» бағытының екінші кезеңіндегі үміткер қатысушыларға дауыс беру ережесі төмендегідей:



- алдымен арнайы сайтқа тіркелесіз;



- үміткерлер жіктелген жалпы алты бөлім бар. Әр бөлімнен үш адамға дауыс бере аласыз. Демек, сіз жалпы саны 18 адамға дауыс беру мүмкіндігіңіз бар.



Ердің еңбегін халық бағалайды. Ендеше, өзіңіз «жеңімпаз» деп санайтын үмтікерге дауыс беріңіз.



Мына жерден барлық қатысушыларға дауыс беру мүмкіндігіңіз бар: http://100esim.el.kz/kz">http://100esim.el.kz/kz